Алматыда пойыз ішінде 52 адам газға уланды
«Алматы-2» вокзалында пойыз ішінде 52 адам көміртегі газына уланды. Олардың оны – бала, тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген.
«Барлық зардап шеккендер қалалық стационарлардың қабылдау бөлімдеріне тексеру және медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында", – деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Тексеру нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі – жансақтау бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Қалған азаматтар тексеруден өтіп, қажетті көмекті алғаннан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторлық емделуге жіберілген.
ҚТЖ өкілдері бұл оқиғаға өздерінің еш қатысы жоқ екенін атап өтті. Пойыз жеке компанияға тиесілі болған және түсірілім жүргізу үшін киностудияға берілген.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қазір оқып жатыр
«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

