USD
USD
USD

Алматыда полицияның заңды талабына бағынбаған шетелдік азамат 10 тәулікке қамалды

Алматыда полицияның заңды талабына бағынбаған шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE.  Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде Қырғыз Республикасының азаматы тізгіндеген шетелдік мемлекеттік нөмірлі BMW көлігін тоқтатты. Полицейлердің заңды талабына бағынбай, жүргізуші құжаттарды көрсетуден бас тартып, есіктерді құлыптап, ұйықтап жатқан адам сияқты орындықты көрнекі түрде еңкейткен. Мұндай мінез-құлық Заңды құрметтемеу және полицияның талаптарын менмендікпен елемеу болып саналады.

Белгілі болғандай, көлік Қырғызстанда тіркелген және бұған дейін Алматыда жол ережесін өрескел бұзғаны үшін бірнеше рет тіркелген. Жалпы төленбеген айыппұл сомасы 404 000 теңге. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау дерегі бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

«Заң барлығына бірдей – азаматтығына, көлік құралының тіркелген жеріне немесе жүргізуші мәртебесіне қарамастан. Біз мұндай заңсыздық көріністеріне принципті түрде жауап береміз. Сонымен қатар, полиция қызметкерінің қызметтік міндетін орындау кезіндегі талаптары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық адамдар үшін міндетті екенін еске саламыз. Құқық бұзушылықтың жолын кесу қатаң түрде және заң аясында жүргізіледі», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек