USD
USD
USD

Алматыда полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болған.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, Төле би даңғылында жергілікті полиция қызметінің экипажы қарама-қарсы жолақпен қозғалып келе жатқан мопедті байқаған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ 20 жастағы жүргізуші заңды талапқа бағынбаған.

— Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірін мопед жүргізушісі оны әдейі қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, — деп хабарлады департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек