USD
USD
USD

Алматыда полицейдің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

Алматы облысы Кеген ауданы тауында күйік шалған денесі табылған полицейдің қазасы бойынша күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа алынды.

судья
Фото: pexels.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде адвокат Гаухар Сарыева хабарлады. Сондай-ақ ол әріптесі Динара Шәмшековамен бірге қайғылы жайтқа қатысты күдікті деп танылған кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің құқығын қорғайтынын атап өтті.

«Кеше Кеген аудандық сотының тергеу судьясы С. Рамазанова біздің қорғауымыздағы тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа дейінгі тергеу органының өтініштерін қарады. Біздің қорғауымыздағы кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деп жазды қорғаушы желідегі парақшасында.

Қазіргі уақытта екі бала үйіне оралған. Сот қаулысына сәйкес, үйге бейнебақылау жүйесі орнатылып, жасөспірімдерге электронды бақылау білезігі тағылмақ.

Қорғаушылар балалардың ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас жағдайында өмір сүріп келген болуы мүмкін екенін алға тартады.

«Сот отырысында қорғау тарапы тергеу аясынан тыс қалдыруға болмайтын жайттарға да назар аударды. Олар тек болған оқиғалардың куәгері ғана емес, өздері де мұндай әрекеттердің құрбаны болған болуы ықтимал», – дейді адвокат.

Сарыева деректердің барлығы тергеу барысында мұқият тексерілуі қажет екенін, балалардың қандай жағдайларды бастан өткергенін анықтамайынша, болған оқиғаға объективті баға беру мүмкін емес екенін айтады.

Еске салсақ, 23 маусымда Кеген ауданы аумағындағы таудан өртеніп кеткен полицейдің мәйіті табылды. Кейін оның Алматы қаласы полициясының 37 жастағы қызметкері Аслан Әлсеров екені анықталды. Полицейдің өліміне күдікті ретінде марқұмның жұбайы – бұрын полиция бөлімінде жұмыс істеген Арайлым Әлсерова мен ұлы ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек