Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Күдіктілерді ұстау іс-шарасын қалалық криминалдық полиция қызметкерлері әріптестерімен және Алатау аудандық ПБ мен полицияның арнайы жасақтарымен бірлесіп жүргізді. Тергеудің осы кезеңінде бес күдіктінің 11 ұрлыққа қатысы бар екендігі белгілі болды.

– Күдіктілер стандартты тізбек бойынша әрекет етті: олар үй иелерінің бар-жоғын тексерді, үйге кіріп, байқатпай алып кетуге болатын барлық затты – алтын бұйымдарды, қолма-қол ақшаны және тұрмыстық заттарды алып кетті. Соңғы қылмысты күдіктілер Нұркент шағын ауданында жасаған. Күдіктілер кілтті таңдау арқылы пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 500 мың теңгенің жеке мүлкін ұрлаған. Олар ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық топтың қаланың Алатау, Алмалы, Бостандық және Түрксіб аудандарында ұрлық жасағаны белгілі болды, – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Айтпақшы, күдіктілер – Қазақстанның басқа аймақтарынан келген, бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар. 

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат