USD
USD
USD

Алматыда өртке бара жатқан жолда өрт сөндіру көлігі аударылып қалды

12 маусымда түн ортасына таман Түрксіб ауданында болған өртке бара жатқан жолда өрт сөндіру көліктерінің бірі аударылып қалды.

Өрт сөндіру
Фото: ТЖД

Алматы, NEGE. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Техника дер кезінде көтеріліп, оның техникалық жағдайы қалыпты екені анықталды.

Өртке қарсы бөлімшелер оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылды, бірнеше бағыт бойынша өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. 15 техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілердің нақтыланған ақпараты бойынша, Международная көшесінде бірнеше меншік иесіне тиесілі барак типтес тұрғын үйде өрт шығып, жалын төрт меншік иесіне тиесілі көрші үй мен жуынатын орын және шаруашылық құрылысына тараған. Жалпы жану аумағы 500 шаршы метрден асады.

— Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылған, алайда жеке құрам арасында зардап шеккендер жоқ, қауіпсіздік техникасы сақталған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде сағат 00:55–те өрт ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өртті жою жұмыстары жалғасуда, — делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші