USD
USD
USD

Алматыда он қиылыста жаңа жол белгісі сызылды – оны бұзғандар айыппұл арқалайды

 Алматы қаласында он бірдей қиылыста "вафельді" төртбұрыш белгісі сызылды. Бұдан былай алдағы кептелісті көріп тұрып, төртбұрышта қалып қойған көлік иелеріне айыппұл салынады.

Жол
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы, NEGE. Бұл шара көліктердің тоқтаусыз жүруіне және жол қозғалысы кезінде көліктердің кептеліс жағдайында қиылыстың ортасында тоқтауға, көлденең бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмеуге бағытталған.

"Басты мақсат – жүргізушілер тәртібін күшейту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және әсіресе, қарбалас сағаттарда көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету", - дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде "вафельді" төртбұрыш белгісі бар көше қиылыстарында фото және бейнебақылау жүргізіледі. Осы тәжірибе оң нәтиже көрсетсе, пилоттық жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде енгізіледі.

"Вафельді" төртбұрыш сызылған қиылыстар:

Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;

Абай даңғылы – Масанчи көшесі;

Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;

Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;

Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;

Абылай хан даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі;

Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;

Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;

Жандосов көшесі – Жароков көшесі;

Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова