Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда оқытушы студенттің басындағы нысананы көздеп оқ атқан

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы колледждердің бірінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр.

Студент
Фото: instagram/qumash_kz

Астана, NEGE. Бейнежазбадан оқытушының мылтықпен студенттің басында тұрған нысананы көздеп, оқ атқанын көруге болады. Студент бір қолымен басындағы нысананы ұстап тұрса, бір қолымен көзін тасалап тұр. Оқ атылғаннан кейін ол тимегенін айтады.

«Алматы архитектура, дизайн және инженерия колледжінде алғашқы әскери дайындық пәні осылай өтеді. Басына нысана ұстаған студентті оқытушы көздеп тұр. Бұл жаза ма, әлде оқыту әдісі ме, оны колледж өкілдерінен нақтылап жатырмыз», – делінген Instagram-дағы Qumash парақшасы жариялаған видео астындағы жазбада.

Видео расымен Алматы архитектура, дизайн және инженерия колледжінде түсірілген. Оқу орнының өкілдері бұл жайтқа түсініктеме беріп, бейнежазба сабақ үстінде түсірілмегенін мәлімдеді.

«Оқытушының топпен бейресми әңгімелесуі кезінде оқытуға арналған пневматикалық мылтықтан жұмсақ зат (мақта) қолданылып, штаттық оқсыз және ешқандай зиян келтірмей оқ атылған. Бұл әрекет оқыту әдісі де, жаза түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық әдеп пен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов