USD
USD
USD

Алматыда науқастың ұлы жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қуған

Алматыда ер адам науқасқа шақырту бойынша барған медицина қызметкерлерін пәтерге қамап, қорқытқан.

Жедел жәрдем
Фото: NEGE

Астана, NEGE. Telegram-дағы «Письма Президенту» арнасы оқиғаның видеосын жариялады. Видеодан қолына пышақ ұстаған ер адамның жедел жәрдем көлігінде отырған медицина қызметкерлеріне тап бермек болғанын көреміз.

«Алматыда ер адам алдымен дәрігерлерді пәтерге қамап, қорқытқан, кейін олар пәтерден әрең қашып шыққанда, пышақпен қуған. Оның әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа 380-3-бабы бойынша саралауға болады», – делінген жазбада.

Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы қызметкерлері дәрігерлерге шабуыл жасамақ болған ер адамның үстінен осы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полиция мәліметінше, жедел медициналық көмек бригадасы науқасқа шақырту бойынша барған. Алайда оның мас күйдегі ұлы жедел жәрдем қызметкерлеріне агрессия көрсетіп, қорқытқан. 

«Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаны жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

брусчатка дауы

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?

Мәжіліс

Желіде ерлі-зайыптының интимді видеосы тараған: күдікті ретінде жасөспірім ұсталды

Интимді видеоны тарату

Тоқаев ақын Мұхтар Шахановтың туыстарына көңіл айтты

Тоқаев, Шаханов