21 Мамыр 18:10

Алматыда «Ün Music Week» музыкалық көрме шоукейс фестивалі өтеді

Ün Music Week
Фото: Ün Music Week

2024 жылдың 22-25 мамыр аралығында open-air «Jibek Joly Üni. Limitless Sound» өтеді.

Алматы, NEGE. Фестивальді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашады. Сондай-ақ, министр халықаралық сарапшылармен бірге халықаралық тәжірибе алмасу перспективаларына арналған дөңгелек үстелге қатысады.

Іс-шара Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Цифрлық платформалар қолдау ШЫҰ елдерінің мәдениет және ақпарат Министрлігінің, Алматы қаласы Әкімдігінің, "GloMMnet" халықаралық коммерциялық емес ұйымының, "TurkSib Music Initiative" қолдауымен ұйымдастырылады.

"Ün Music Week" – төрт күндік шоукейс-фестивалі. Фестиваль жайлы толық ақпарат https://unmusicweek.com сайтында жарияланған. 23-24 мамырда өтетін шоукейске билеттерді аталмыш сайттан сатып алуға болады.

Бұл шараның ерекшелігі қала тұрғындары мен қонақтары 24-25 мамыр күндері саябақтағы дайындықты, сахнадағы репетицаларды, жәрмеңке мен фудкорттың ашылуын көре алады. Бағдарлама аясында концерттік қойылым, пікірталас және opеn-air гала-концерті ұйымдастырылады. Шоукейс фестивалі көрермендер мен сарапшыларға халықтардың дәстүрлі және заманауи этникалық музыкасының бірегей палитрасын ұсынады.

22 мамыр күні сағат 15:00-де Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Мұнда сарапшылар мен мамандар министрмен музыка саласын дамытуға, мәдени тәжірибе алмасуға және музыкалық фестивальдердің әлеуметтік-экономикалық әсеріне қатысты
маңызды тақырыптарды талқылайды. Дөңгелек үстел аяқталағаннаң кейін журналистер өз сұрақтарын қоя алады.

Іс-шараға Франция, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, Эстония, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Марокко, Венгрия елдерінің жетекші сарапшылары мен мамандары қатысады. Қатысушылармен бірге олар музыканттардың, продюсерлердің және музыкалық қоғамдастықтың басқа да өкілдерінің алдында тұрған негізгі трендтерді, мәселелері мен мүмкіндіктеріні талқылайды. Конференция бағдарламасы кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.