USD
USD
USD

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлік тұрағын төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынған

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматыдағы өкіліне 2-топ мүгедектігі бар арызданушы хабарласты. Оның айтуынша, ақылы автотұрақ оның үйінің жанындағы, кіреберістегі аумақта орналасқан.

Автотұрақ
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Өтініш беруші денсаулығы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адам болғандықтан, ол өз көлігін кіреберістің жанына қоюға мәжбүр, бірақ видеобот оған тұрақ ақысын төлемегені үшін автоматты түрде айыппұл салған. Оған қатысты барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылған.

Уәкіл өкілінің бастамасымен бұл мәселе әкімдік пен «Алматы паркинг» компаниясының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша әкімшілік өкілдері мәселені 3-тоқсанның соңына дейін шешіп, ғимарат тұрғындары үшін көлік тұрағын тегін етуге уәде берді.

Сондай-ақ Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына арызданушының құқық бұзушылықтарын жою туралы хат жолданып, ол атқарушылық өндірістің күшін жою туралы ЖСО Республикалық палатасында да қаралды.

Қазіргі уақытта арызданушыға қатысты барлық ұйғарымдардың күші толығымен жойылып, атқарушылық іс-әрекеттер аясында бұрын өндіріп алынған сома өз шотына қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский