USD
USD
USD

Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Алматыда тұрғын алаптарынан мопед ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ұрлық
Фото: Gov.kz

Алматы, NEGE. Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің бағыты – мопед, велосипед, самокаттар ұрлығының алдын алу. Талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтері, велосипедтері мен самокаттарын қараусыз қалдыруы салдарынан жасалады. Олар мүліктерін кіреберістерде, тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендердің алдында қалдырып кетеді, дейді polisia.kz.

Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында әрекет еткен алты жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға беріледі, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сонымен қатар, Алматы полициясы екі дөңгелекті көліктерді ұрлықтан мынадай жолмен қорғауды ұсынады:

  • кіреберісте қараусыз қалдырмаңыз;
  • велосипедтер, мопедтер, самокаттарды, ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, бейнекамералармен жабдықталған орындарда тұраққа қойыңыз;
  • ұрланған жағдайда дереу 102 пультіне хабарлаңыз.

Сондай-ақ, ұрланған мүлік туралы ақпаратты – құжаттарын, маркасын, түсін, фотосуреттерін, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілерін дайындау қажет.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру