USD
USD
USD

Алматыда монополист компанияларға 2,2 млрд теңге айыппұл салынды

Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті басшысының орынбасары осы жылдың 8 айындағы департамент жұмысының нәтижелері туралы баяндады.

Қаржы есеп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің негізгі міндеттері – адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

«2024 жылы департамент Алматы қаласының түрлі нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 23 талдауды аяқтады. Оның ішінде тұрақ, азық-түлік ритейлі, телекоммуникация, энергетика және басқа да қызмет нарықтары бар. Талдау барысында 34 доминант және 2 монополист анықталды. Жұмыс нәтижелері бойынша 2,2 млрд теңге айыппұл салынды, оның 1,3 млрд теңгесі өндірілді», - деді ол.

Нарықтағы үстемдігін теріс мақсатта пайдаланған компаниялар қатарында «Petrosun» ЖШС, «ҚТЖ магистральдық желілер» ЖШС және «Алматыгаз» абоненттік есеп айырысу орталығы» ЖШС бар. Департамент әрбір іс бойынша ұйғарымдар шығарып, айыппұлдар салған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026