USD
USD
USD

Алматыда миллиондаған айыппұл қарызы бар 150 көлік тәркіленді

Алматы қаласында полицейлер ірі көлемде айыппұл қарызы бар көлік жүргізушілерін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.  

оң руль
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері 150 автокөлік арнайы айыптұраққа жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шаралар республикалық «Қауіпсіз жол» акциясы аясында өткізілуде. Негізгі мақсат – шетелдік нөмір таққан көліктерді және иелері әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген көлік құралдарын анықтап, заң аясында шара қолдану.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кейбір жүргізушілердің қарызы миллион теңгеден асып кеткен. Мәселен, тәркіленген Mercedes маркалы көліктің иесі 4 миллион теңге, Toyota – 3,9 миллион теңге, ал Lada – 2,8 миллион теңге айыппұл төлемеген. Барлық көліктер айыптұраққа жеткізілді.

«Полиция көлік иелерін, әсіресе шетелдік нөмірлі автокөлік жүргізушілерін жауапкершілікті ұмытпай, айыппұлдарды уақытында төлеуге шақырады. Заң бәріне ортақ. Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін осындай тексеріс жұмыстары жалғасады», – деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаев.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жазаның бұлтартпау қағидасын еске салып, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек