USD
USD
USD

Алматыда метроның төлем жүйесі істемей қалды

Алматыда метроның төлем жүйесі істен шықты. Бұл туралы желі қолданушылары жазды.

метро
Фото: threads.com/@el_pistooolerooo

Астана, NEGE. 3 қараша күні әлеуметтік желіде алматылықтардың метроға кіре алмай, кезекте тұрған суреттері тарады. Олардың сөзінше, метрода Onay картасы да, банк картасы да істемей қалған.

Ал, метрополитен әкімшілігінің айтуынша, бұл жағдай жаңа пилоттық режимінің енгізілуімен байланысты. 

«Тестілеу барысында QR-кодтарды оқу процесінің баяулауы анықталды, бұл әсіресе қарбалас уақытта кезектердің пайда болуына әкелді. Осыған байланысты QR-код арқылы төлеу функциясы техникалық жетілдірулер аяқталып, жүйенің тұрақтылығы артқанға дейін уақытша өшірілді», – деп хабарлады метро өкілдері ҚазАқпарат агенттігіне.

Бұған дейін Алматы метрополитенінде пилоттық режимде жолақы төлеудің жаңа тәсілі енгізілетіні айтылған. Бұл төлем жүйесі жолаушыларға интернет желісіне қосылмай-ақ QR-код арқылы жолақы төлеуге мүмкіндік береді.

Алматы метрополитенінің мәліметінше, күн сайын метро 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды, оның 65%-дан астамы Onay картасын пайдаланады. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай