21 Тамыз 10:53
...

Алматыда метроны «Сайран» станциясынан Алатау қаласына дейін тарту жоспарланған

Метро
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Алматы, NEGE. Негізгі назар – LRT, метро, BRT желілерін іске асыруға, сондай-ақ радиалды және магистральдық жолдарды салуға аударылды.

Ұзындығы 32,5 шақырым болатын LRT желісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жалғасып жатыр. Жоба аясында Алатау ауданындағы Индустриялық аймақта депо салынып, ол «Алматы-2» теміржол вокзалын «Барлық» және «Шығыс» көлік тораптарымен байланыстырады.

Метро
Фото: Алматы әкімдігі

Метро желісін «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін ұзарту және «Жібек Жолы» станциясынан әуежайға дейін екінші желі салу бойынша дайындық жүргізілуде. Болашақта «Сайран» станциясынан Алатау қаласына дейін үшінші желі тарту жоспарланған.

Метро
Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ Желтоқсан көшесі мен Райымбек батыр даңғылында BRT жобасын жүзеге асыру, «Алматы-3» теміржол вокзалын салуға дайындық мәселелері талқыланды.

Әр жобаның нақты мерзімдері мен жауапты орындаушылары көрсетілген жол карталары әзірленген.

Тегтер: