USD
USD
USD

Алматыда метро станциясы мерзімінен кешігіп салынып жатыр

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы көлік жағдайын жақсартып, көлік қозғалысын 2026 жылдан бастап іске қосу үшін жұмысты жеделдетуді тапсырды. 

Дархан Сатыбалды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. «Қалқаман» метро станциясының құрылысы жалғасуда. «Бауыржан Момышұлы» станциясынан бастап туннельдердің ұзындығы – 1,98 км. Сол жақ туннель толық қазылып бітті, оң жақта – 887 метрге дейін қазылған.

«Станция құрылысы жалғасып жатыр: желдету шахтасы дайын, топырақ жұмыстары аяқталған. Бетондау жұмыстары 28%-ға орындалғанымен, құрылыс кестесінен аздап кешеуілдеген. Осыны ескере отырып, құрылысты бақылау үшін арнайы жедел штаб құрылды. Мерзім – 2026 жылдың қаңтары», – деп жазылған хабарламада.

Метро желісін «Барлық» базарына дейін жалғастыру жобасы дайындалды. Тағы 3 станция салу жоспарланған. Жоба жұмыстары басталған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар «Жібек жолы» станциясынан әуежайға дейін екінші желі, ал «Сайраннан» Алатау қаласына дейін үшінші желі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

Метрополитенді дамыту – жолдағы көлік жүктемесін азайтып, алматылықтардың жайлы қозғалысын арттыруға мүмкіндік береді. Дархан Сатыбалды жобалауды жеделдетіп, жаңа желілер құрылысын қазіргі жұмыстардың аяқталуын күтпей-ақ бастау қажет екенін тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар