USD
USD
USD

Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде еткен күдікті анықталды

Алматыда 40 жастағы азамат пәтерлерді мемлекеттік бағдарлама бойынша сатқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласында 40 жастағы ер адам бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ресми түрде арызбен 10 адам жүгінген.

– Жәбірленушілердің айтуынша, ер адам мемлекеттік бағдарлама бойынша өте тиімді шарттармен, міндетті алдын ала төлеммен пәтер алуды ұсынған. Оған ақша аударылғаннан кейін ер адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта қаланың басқа аудандарында да осындай алаяқтық деректерін анықтау бойынша жұмыстар мен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

.

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Күдікті

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Сарбаз