USD
USD
USD

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды

Алматыда көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталды
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрген тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

"Құқықтық тәртіп" және "Заңсыз мигрант" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында Көліктегі ПД қызметкерлері 12 қылмыскерді ұстап, 1 із-түссіз жоғалған адамды анықтады.

Айталық, 11 қыркүйекте Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасаған 33 жастағы шетел азаматы ұсталды. Сондай-ақ 15 қыркүйекте 49 жастағы тағы бір шетелдік азамат ұсталды. Ол үш жыл бойы есірткі құралдарын немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға шығарғаны үшін айыпты болып, мемлекетаралық іздеуде жүрген.

Көлік полицейлерінің кәсібилігінің арқасында іздеуде болған азаматтардың жүрген жерлері жедел анықталып, олар ұсталды.

Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды. Іздестіру бастамашысына хабарланып, экстрадициялау мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Көліктегі полиция департаменті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін тұлғалардың ел аумағына өтуіне жол бермеу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.


Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров