Алматыда Медеуге баратын автобустар жаңарды
6 наурыздан бастап №12 бағытта Теміржол вокзалы-2 – «Медеу» БТК қатынайтын автобустар толығымен жаңарды.
Алматы, NEGE. Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықтармен, соның ішінде кондиционерлеу, бейнебақылау жүйелерімен және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторларымен жабдықталған. Сонымен қатар, салон аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплеймен толықтырылған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарлануда.
Қазір оқып жатыр
«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?
Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады
Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады
Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ