USD
USD
USD

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, «Медеу» өңірлік табиғи паркімен шекаралас екі жер телімі жеке меншікке заңсыз берілген.

Медеу
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Даулы жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады, сондықтан оларды сатуға рұқсат берілмейді.

«Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты», – делінген прокуратура хабарламасында.

Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.

Ресми мәліметке сәйкес, мемлекет меншігіне қайтарылған жердің құны 17 млрд теңгеден асады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева

Екібастұздғы МАЭС-ке 2 млн теңге айыппұл салынды

Екібастұздағы 1-МАЭС

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк