USD
USD
USD

Алматыда Марков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Марков көшесінің кей бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Жол сапасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 26 шілде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.

27 шілде сағат 22:00-ден 28 шілде сағат 08:00-ге дейін Тимирязев көшесінен Павлов көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.

«Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым жетекшісінің байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы