USD
USD
USD

Алматыда МӘМС есебінен 97 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді

2024 жылы Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көрсетілген қызметтерге 97 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Дәрігер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия және тағы да басқа профильдер бойынша мыңдаған операция жасалып жатыр. Мұндай операциялар күрделілігіне байланысты емханалар мен ғылыми орталықтар деңгейінде де жасалуы мүмкін.

«Мысалы, 2024 жылы МӘМС арқылы 128 мыңнан астам операция жасалып, оған 79,1 млрд теңге төленген. Оның ішінде жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляцияларға Қор 14,7 млрд теңге төледі. Сақтандырылмаған азаматтар осындай операцияларды жасататын болса қалтасынан бірнеше миллион төлеген болар еді», – деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

2024 жылдың 9 айында Алматы қаласында 5200 кардиохирургиялық операция, 3300 нейрохирургиялық ота, лор-профилі бойынша 250 операция жасалған.

«Соңғы кезде артроз, артрит сынды буын ауруларының көбеюіне байланысты тізе, жамбас буындарын алмастырушылар саны күрт артқаны белгілі. 2024 жылы алматылық травматологтар осындай 3500 операция жасаған. Оған МСҚ 5,2 млрд теңге төледі», – деді филиал директоры.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы