Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Суретшілер, дизайнерлер, музей мамандары, кітапханашылар, хореографтар, акробаттар, солистер және шығармашылық топтардың мүшелері мен әр түрлі жанрдағы артистер мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлестері үшін марапаттарға ие болды. 40-қа жуық маман «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

«Сіздердің ел үшін жасап жүрген еңбектеріңіз ерекше құрметке ие. Мемлекетіміздің, оның ішінде Алматы қаласының мәдениеті мен өнерін дамытуға, халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттауға өлшеусіз үлес қосып, өздеріңізге жүктелген міндеттерді үлкен абыроймен атқарып келесіздер.Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!», – деді марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Марапатталған мамандардың тізімі Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Қазақстанда 1 млн-нан астам адам баспанаға мұқтаж

Пәтер кілті

Қазақстанда ипотеканы кім көбірек рәсімдейді: ерлер ме, әйелдер ме?

Тұрғын үй