USD
USD
USD

Алматыда «Людоедтің» 5 млрд теңгеге бағаланған ғимараты сатылымға шықты

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінің аумағында орналасқан нысандарды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті тағы да саудаға шығарды.

.
Фото: e-qazyna.kz

Астана, NEGE. Бұл жолы әл-Фараби даңғылы, 116/57 мекенжайында орналасқан көпфункционалды тұрғын үй кешенін құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың балансына беру ұсынылып отыр. Ғимараттың жалпы аумағы 1536,5 шаршы метр, ал орналасқан жер телімінің көлемі 0,3950 гектар.

Негізінде бұл жерде тұрғын үй салынбауы керек еді. Бастапқы жоба бойынша мұнда саябақ болуы тиіс болған.

«№116/57 үйі бекітілген жобаға енгізілмеген. Оның орнында (0,3950 гектар аумақта) Есентай өзеніне қарайтын, тұрғындарға арналған қоғамдық саябақ салу жоспарланған», – делінген Қоспаев ісі бойынша сот үкімінде (құжат көшірмесі редакцияда бар).

Алайда саябақтың орнына тұрғын үй кешені салынған. 2021 жылдың наурызында Елдос Қоспаев бұл нысанды небәрі 46,3 млн теңгеге сатып алған. Ал аудит нәтижесі бойынша оның құны шамамен 5 млрд теңге деп бағаланды. Оның ішінде ғимарат – 4 млрд теңге, ал жер телімі – 957 млн теңге.

Жалпы, Мемлекеттік мүлік департаменті Алматыда Елдос Қоспаевқа тиесілі болған 23 жылжымайтын мүлік нысанын бағалаған. Болжам бойынша, олардың барлығы алдағы уақытта сатылымға шығарылуы мүмкін.

Болат Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі, «Людоед» лақап атымен танымал Елдос Қоспаев рейдерлікпен айналысып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен сотталған. Сот үкімімен ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта