USD
USD
USD

Алматыда Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Мемлекет басшысының атынан көп жылғы еңбегі мен қаланың дамуындағы жоғары жетістіктері үшін сала өкілдеріне құрмет наградаларын табыс етті.

Награда
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. «Құрмет» орденімен «Монтажспецстрой» АҚ директорының орынбасары Лилия Вертиева және «Диал-Строй» ЖШС Бас директорының орынбасары Бақыт Рымжанов марапатталды. III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен – «BAITAU INVEST» ЖШС жобаларының бас сәулетшісі Гүлнар Есенбекова. Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Әкімнің орынбасары өз құттықтауында қаланың даму қарқыны және соның салдарынан қала тұрғындарының өмір сүру сапасы құрылысшылардың жұмыс нәтижелеріне байланысты екенін атап өтті.

«Қалада жыл сайын мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, жолдар, өндірістік нысандар салынады. Мұның бәрі біздің құрылысшыларымыздың арқасында. Барлық қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын және барлық бастамаларға сәттілік тілеймін», - деді Бейбіт Шаханов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жаңа Жолдауын әзірлеп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз