USD
USD
USD

Алматыда құрылыс нысандары тексеріледі

Алматы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында депутаттар тексеру үшін құрылыс нысандарына кіру тәртібін бекітті.

Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Енді қала құрылысын бақылау органдары бастапқы кезеңде-ақ заңсыз құрылыстың жолын кесе алады. Құжат Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әзірленді және қажетті құжаттар болмаған кезде немесе жобадан ауытқу анықталса, нысандарды тексеруге мүмкіндік береді. Бұрын тексеріс тек ресми өтініш негізінде жүргізілетін, ал меншік иесінің болмауы тексеруге кедергі келтіретін.

Жаңа ережелерге сәйкес, бұл енді тосқауыл болмайды. Егер заңбұзушылық анықталса, қала әкімдігі заңды негізде жедел түрде жоспардан тыс тексеріс бастайды. Қазіргі уақытта құқықтық акт Әділет департаментінде тіркеуден өтуде.

Оның қабылдануы құрылыс үдерістерін қауіпсіз әрі ашық етіп, заңсыз құрылысқа жол бермей, құрылыс салушылардың жауапкершілігін арттырады.

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң