USD
USD
USD

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешені өртеніп жатыр (видео)

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлады. 

ЖК Престиж-Алатау
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Алматының Алмалы ауданында «Престиж-Алатау» көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтер өртеніп, өрт шатырға тараған. 

– Төтенше жағдайлар басқармасының бірнеше өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Кашгарская көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама алды. Сегіз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Пәтер мен шатыр өртеніп жатыр, өрт аумағы анықталуда, - деп түсіндірді Алматы ТЖД.

Үйдің солтүстік жағына өртке қарсы баспалдақ орнатылғаны хабарланды. Өртті сөндіруге 25 қызметкер мен алты бірлік апаттық-құтқару техникасы жұмылдырылды. Қосымша күштер мен ресурстар да жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Mercedes-Benz-тің Германиядағы зауыттары жабылуы мүмкін

Mercedes-Benz

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

арнайы күштер

«Бір басын шапсаң, үш басы өседі»: экономист «Самұрық-Қазынаны» айдаһарға теңеді

Самрұқ

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев