USD
USD
USD

Алматыда колонияға ақша өткізбек болған тұрғын анықталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесіне әйел адам сотталғанға ақша өткізуге тырысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің № 12 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде тыйым салынған заттарды алып өту фактісінің алдын алды.

Сотталған ағасына ұзақ кездесуге келген әйел адам, сөмкесінің ішіне ақша тігіп алған. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде тексеру кабинетінен 5000 және 10 000 теңге номиналындағы ақша табылып, тәркіленді.

– Ескертулерге қарамастан, сотталғандардың туыстары мен жақын адамдары талаптарды орындамай, мекемедегі сотталғандарға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерін жалғастырып жатыр, – деп атап өтті мекеме бастығы Ермек Күздеубай.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент