USD
USD
USD

Алматыда көлік жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

2025 жылдың 19 қаңтарында таңертең Алматыда әл-Фараби даңғылында автокөлік аударылып, жаяу жүргінші өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлады Zakon.kz.

Жол
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Таңғы сағат 5: 30-да 20 жастағы Toyota жүргізушісі әл-Фараби даңғылы мен Қаратаев көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмаған.

"Жас жігіт жолдың солтүстік шеткі бөлігіне, бордюрға шығып кеткен. Сөйтіп ол тротуарда кетіп бара жатқан 39 жастағы әйелді соғады. Содан кейін автокөлік билборд бағанына соғылып, төңкеріле бір-ақ тоқтайды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында Бостандық ауданының полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова