USD
USD
USD

Алматыда көлік ішінен қомақты қаржы ұрланды

Алматыда көліктен қомақты қаржы ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматының Бостандық ауданында орналасқан автотұрақтан 17 мың доллар ұрланған. Қаскөйлер Lexus көлігінің иесі жоқтығын пайдаланып, есік құлпын сканер арқылы ашып, сол жерден ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен.

– Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар – Алматы облысының әртүрлі ауылының тұрғындары. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіліп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар қосылды. Сонымен қатар қылмыс болған жермен шектесетін аумақтардың бейнебақылау жүйелеріне жан-жақты талдау жүргізілді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент