USD
USD
USD

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматыдағы сұлулық салондарының бірінде қанға малынған қолымен газ кілтін ұстаған ер адам қызметкерлерді шошытты.

Алматы
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиға туралы заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша, белгісіз ер адам салонға кіріп келіп, жуынатын жерді көрсетуді талап еткен.

Әкімші одан кетуін сыпайы түрде сұрағанымен, ер адам: «Мүмкін мен біреуді өлтірген шығармын?», – деп жауап берген. Қорқып кеткен қызметкер оған дәретхана есігін көрсеткен. Ер адам жуынып болған соң, салоннан шығып кеткен. Осыдан кейін әкімші бірден 102 нөміріне хабарласқан.

Бейнебақылау камераларындағы жазбада полицейлер ер адамды ұстаған сәт те көрсетілген. Куәгерлердің сөзінше, оның жанынан арматура мен пышақ табылған.

Алматы қалалық полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталып, жедел түрде ұсталғанын мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде болған.

Полицияның хабарлауынша, ер адам өз-өзіне дене жарақаттарын салған. Бейнежазбадағы қан да өзіне тиесілі. Басқа адамдарға зиян келтірмеген және айналадағыларға қауіп төнбеген.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, құқықтық баға берілмек.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf