2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматыда қоқыстан иттердің терісі сыпырылған өлексесі табылды

Алатау ауданында қала тұрғындары қоқыстан иттердің терісі сыпырылған өлекселерін анықтады.

Қоқыс
Фото: instagram.com/dusha_na_lapkah

Алматы, NEGE. Тұрғындардың айтуынша, жануарлардың өлекселері 9 наурыз күні Самғау шағын ауданындағы Көкорай көшесінің маңындағы қоқыстан табылған.

Сонымен қатар, куәгерлер сол аумақтан түлкілердің бастарын, биологиялық қалдықтар салынған қаптарды және көптеген аң терілерін байқаған. Сыртқы белгілеріне қарағанда, жануарлар арнайы бөлшектелген болуы мүмкін деген күдік бар.

Қала тұрғындары қоқыс төгілген орынға дейін автокөлік шиналарының іздерін де байқаған. Олардың болжамынша, жануарлардың қалдықтары бұл жерге көлікпен жеткізіліп, әдейі тасталған болуы мүмкін.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жануарлардың қалдықтарын тәркілеп алып кеткен.

Тұрғындар аталған жағдайға байланысты полицияға, прокуратураға, әкімдікке және ветеринария басқармасына ресми түрде шағым түсіріп, оқиға бойынша жан-жақты және толыққанды тергеу жүргізуді талап етпек.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур