USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

Алматы қаласында қоғамдық көліктің жолақысы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Қаулы жобасы талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. 

Автобус
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеді.

Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады.

«Қалалық жол қатынасы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жолаушының бір сапары үшін ұялы байланыс операторының немесе көлік картасының немесе мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін», – делінген қала әкімінің қаулысында. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар