USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көліктен орындық ұрланды

Алматыда қоғамдық көліктен орындықтар ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Орындық ұрланды
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жеке автопарктің қызметкері осындай ұрлық жасауға бел буған. Белгілі болғандай, түнгі уақытта ол жөндеудегі бірнеше қоғамдық көліктің орындықтарын шешіп алып, тіпті бір данасын 35 мың теңгеге сатып үлгерген.

– Автопарк әкімшілігінен арыз түскеннен кейін жедел тергеу тобы жіберілді. Күдікті бірден ұсталды. 34 жастағы автопарк қызметкері қылмысын мойындады. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктінің жеке басы басқа да ұрлық деректеріне қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Ерік Қойбақов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов