2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамалды

Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды полиция департаменті. 

Бұзақылық
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. «Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

Естеріңізге сала кетейік, автобус жолаушылары арасында жанжал туындаған болатын. Жанжалға әйел адамның қоғамдық көлік ішінде телефонмен қатты сөйлескені себеп болған. 66 жастағы ер адам әйелдің телефонмен сөйлескеніне шыдай алмай оған жұдырық жұмсаған.

Алматы қалалық полиция Департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін баса айтады.

«Әрбір азамат заңдылық пен тәртіптің мүлтіксіз сақталатынына, кез келген заңсыз әрекеттерге тиісті құқықтық бағасын алатынына сенімді болуы керек», — деді Батұржан Әбдумасаров.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер