USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті бойынша арнайы курстан өтеді

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті бойынша арнайы курстан өтеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қалалық тасымалдау қызметінің сапасы жөніндегі сұраққа жауап беру кезінде мәлімдеді.

Автобус
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Әкімнің айтуынша, Open Almaty платформасына түскен өтініштерге қарағанда, жағдай біршама жақсарғанымен, қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасы қала үшін өзекті мәселе болып отыр. Сонымен қатар, маман тапшылығы мәселесі әлі де бар, бұл жүргізушілердің артық жұмыс істеуіне және қызмет сапасының төмендеуіне әкеледі.

Осы түйткілдерді шешу үшін қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысын көтеру және этика курстарын енгізу туралы шешім қабылданды. Курстан өткен жүргізушілерге жалақыға қосымша үстеме ақы қарастырылады.

Сондай-ақ, 2025 жылы жүргізушілерге арналған демалыс бөлмелері бар 10 демалу пунктін салу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі: полиция бір іс тоқтатылғанын хабарлады

Аян Дүйсеков

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар