USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көлік бағыты өзгерді

Алматы көлік холдингі төрт автобустың: №32, 92, 99 және 119 бағыты уақытша өзгеретінін мәлімдеді. 

Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Мұның себебі — Желтоқсан көшесінің Бөгенбай батыр мен Жібек Жолы көшелері арасындағы бөлігін жабу. Бұл көшеде бүгін сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.

  • №32 автобус солтүстік бағытта Желтоқсан – Абай – Абылай хан – Мақатаев көшелерімен жүріп, кейін қалыпты бағытымен жалғасады. Қайтар жолда өзгеріс жоқ.
  • №92 маршрут Абай – Абылай хан – Райымбек арқылы өтіп, кейін әдеттегі бағытына оралады. Қайтар бағыт бұрынғыша қалады.
  • №99 автобус Желтоқсан – Бөгенбай батыр – Сейфуллин – Төле би бағытында жүріп, кейін қалыпты маршрутына қосылады. Оңтүстік бағытта өзгеріс жоқ.№119 маршрут шығыс бағытта Төле би – Абылай хан – Мақатаев көшелерімен жүріп, кейін әдеттегі бағытымен жалғасады. Қайтар жол өзгермейді.

Қала әкімдігі жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерістерді қаперде ұстауды және қолданбалар мен көлік қызметінің ресми ресурстарынан өзекті ақпаратты тексеруді ескертті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев