USD
USD
USD

Алматыда қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар ауруханаға жатқызылмайды

Алматыдағы қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі екпе алмаған балалар болып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Вакцина
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Әсел Қалықованың айтуынша, Алматыда қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылмайды. Сонымен қатар вакцинаны стационарлық ем қабылдауға дейін кемінде 21 күн бұрын алу қажет.

Мұндай норма Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10 ақпанда қол қойған қаулысында көрсетілген. 

«Науқастардың 87,9%-ы қызылшаға қарсы егілмеген. Негізгі себебі – вакцинациядан бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер мен екпе жасына жетпеуі. Бұл халықтың ауруға ең бейім тобы», – деді спикер.

Департаменттің мәліметінше, Алматыда биыл қызылшамен ауырған 482 адам тіркелген. Ауруы расталғандардың 451-і 14 жасқа дейінгі балалар болып шықты, бұл 93,5% деген сөз. Жасөспірімдер – 0,4%, ересектер – 6,01%.

100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші 19,8-ге жетті. Ең көбі Алатау ауданында – 197, Наурызбай ауданында – 110, Бостандық ауданында – 45, Әуезов ауданында – 39, Алмалы ауданында – 32, Түрксіб ауданында – 24, Жетісу ауданында – 20 және Медеу ауданында – 15 науқас тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы