USD
USD
USD

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Алматы қаласының үш тұрғыны заңсыз криптовалюта операцияларын жүргізу үшін дропперлер желісін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. ҚМА ақпаратынша, күдіктілер дроппер ретінде Қырғызстан азаматтарын тартқан.

Күдікті
Фото: ҚМА, видеодан кадр

Астана, NEGE. Қылмыстық әрекетке негізінен студенттер мен қаржылық қиындықтарға тап болған адамдар тартылған. Оларды делдалдар арқылы тауып, шетелдіктердің Қазақстанға келу жолақысын, тұратын жері мен тамағын төлеп, ұялы телефондар және SIM-карталармен қамтамасыз еткен. Шетел азаматтары ақшалай сыйақыға өздерінің банк шоттарына қол жеткізу рұқсат беріп, кейін еліне қайтып отырған.

Олардың шоты тиісті лицензиясы жоқ USDT криптовалютасын сатып алу және сату үшін пайдаланылған. Бұдан бөлек, күдіктілер SkyPhoenix халықаралық төлем платформасы арқылы Pinco, Pinup, Nomad Games, Sultan Games және басқа да онлайн-казинолардың қаржылық операцияларына қызмет көрсеткен.

«Күдіктілер түскен қаражаттың 4 пайызы мөлшерінде сыйақы алып, ойыншылардан төлем қабылдауды, ұтыстарды төлеуді және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың табысын криптовалютаға айырбастап, шығарып беруді қамтамасыз еткен. Дропперлік шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеден асқан», – делінген ҚМА хабарламасында.

Екі күдікті үйқамақ алынып, сот санкциясымен олардың үш автокөлігі пен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай