USD
USD
USD

Алматыда қиранды астынан адам іздеуге арналған радар сатып алынбақ

Алматының құтқару қызметі үйінді астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ, деп жазды kazinform.kz.

радар
Фото: adyrna.kz

Алматы,NEGE. Алматы қаласы әкімі аппаратының «Алматы қаласының авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» МКҚК мемлекеттік сатып алу сайтында 5 микротолқынды радар сатып алуға 53,5 млн теңгеге лот жарияланды.

Негізі құжатқа сәйкес құрылғының бір данасы - 10,7 млн теңге тұрады.

Тауардың сипаттамасында құрылғы үйінді астында қалған адамдарды іздеуге арналған.

Сондай -ақ Құтқару қызметіне әрқайсысының құны 1,7 млн теңге болатын бес бейнеэндоскоп («Техникалық эндоскоппен басқарылатын камера») және жалпы сомасы 43 млн теңгеге топырақты зерттеуге арналған бес қондырғы қажет.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында барлығы 3 лот орналастырылған.

Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 13-28 наурыз аралығында жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Ғылым қорынан миллиондап қаржы жымқыру схемасы әшкереленді: күдікті қамауға алынды

ҚМА қызметкері

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі: полиция бір іс тоқтатылғанын хабарлады

Аян Дүйсеков

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала