USD
USD
USD

Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылып жатыр

Алматыда заңсыз құрылысқа қарсы күрес жалғасып келеді. Бұл жолы Черновицкая көшесінде заңсыз салынған үш қабатты үй сүрілді.

Сүру
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, ғимарат қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған: СЖТ, эскиз жобасын келісу және сараптама болмаған.

Сүру фактісі тұрғынның шағымы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде анықталған. Басқарманың талап-арызы бойынша Жетісу аудандық соты нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Нысан иесі сот орындаушыларының қатысуымен ғимаратты ерікті түрде бұза бастады.

2023 жылдың басынан бері Алматыда 63 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта» және KHAN тұрғын үй кешендері сүрілді. Бұл қала әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту мақсатында қолға алынған жұмыстарының бір парасы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй