USD
USD
USD

ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев ұсталды

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ұсталғаны жөніндегі ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Әсет Матаев
Фото: Әсет Матаев/Facebook

Астана, NEGE. Әсет Матаевтың үстінен бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Өткен түні Алматы қаласының Медеу ауданында ер адамдар арасында туындаған жанжал бұзақылыққа ұласты.

 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, М. және Р. есімді екі азамат көңіл көтеру орнынан шыққаннан кейін, алкогольдік мас күйде екі ер адаммен сөзге келіп, олардың бірін балағаттаған. Кейін бұл жанжал төбелеске ұласқан.

 

Оқиғаға қатысушылардың барлығын полиция қызметкерлері ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер төбелеске қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Бұл жайтқа ҚазТАГ агенттігінің редакциясы пікір білдірді.

«Бізге Әсет Матаевтың зардап шегуіне соқтырған оқиға мәлім. Қазіргі уақытта редакцияда болған жағдай туралы толық ақпарат жоқ.

 

Біз құқық қорғау органдары мен адвокаттардан егжей-тегжейлі түсініктемелер күтеміз және объективті тергеу жүргізіледі деп сенеміз», – делінген редакция түсіндірмесінде.

Редакция өкілдері мән-жай анықталғанға дейін алдын ала қорытынды жасамауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.