USD
USD
USD

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады?

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 1 мамырда Абай алаңында «Береке – бірлікте» жалпыреспубликалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен еріктілерді, белсенді азаматтар мен мәдениет қайраткерлері марапатталады.

1май
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Мереке концерттік бағдарламамен, қайырымдылық акцияларымен, жәрмеңкелермен және байқаулармен жалғасады.

Одан түскен ақша су тасқыны салдарын жою үшін «Демеу Қазақстан қоры» қорына аударылады.

11:00-ден 14:00-ге дейін Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастрофестиваль өтеді, онда 10-нан астам мейрамхана түрлі ұлттың тағамдарын ұсынады.

Кешке сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай атындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Maxi Fest қайырымдылық концерті өтеді.

Қала аудандарындағы мерекелік іс-шаралар:

Наурызбай ауданы:

– 11: 00, Шұғыла ш/а. 347, амфитеатры: «Бірлігіміз жарасқан» концерттік бағдарламасы, ұлттық тағамдар, киім-кешек және бұйымдар көрмесі.

– Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен азаматтарды марапаттау.

Жетісу ауданы:

– 11: 00, Гулдер саябағындағы концерт (Серікова, 2а) Мәдениет үйінің ұжымдары мен шығармашылық үйірмелердің оқушылары.

– Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халықтарының көрмесі.

 Әуезов ауданы:

– 11:00, Сарыарқа сквері: «Гүлден, менің Қазақстаным!»

– Қайырымдылық көрмесі – қолөнер бұйымдарын сату.

Алатау ауданы:

– 10:00, «Алатау» инновациялық шығармашылық орталығы: мерекелік концерт және суреттер көрмесі.

Түрксіб ауданы:

– 10:00, Арбаттағы концерт (Сауранбаев көшесі Шолохов көшесінің қиылысы): этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасы және көрмесі

Медеу ауданы:

– 13:00, Көктөбе алаңы: «Жасыл қалам – Алматым» концерті.

– 15:00, Жамбыл атындағы филармония (Төле би көшесі, 21) «Гүл Алматы – Flower Sity» фестивалі

Алмалы ауданы:

– 10:00, Арбат алаңы: қолөнершілер жәрмеңкесі және сағат 12:00-де концерттік бағдарлама

Бостандық ауданы:

– Atakent КҚКО: «Алматы - біздің ортақ үйіміз» мерекелік бағдарламасы, концерт және қайырымдылық көрмесі. 

Қазір оқып жатыр

30 жаста – 9,75 млн теңге: Қазақстанда жеткіліктілік шегі өсті

Зейнетақы

Этнограф: Аралас некеден қорықпай, сапалы ұлт болуды ойлау керек

.

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Нурлан Сабуров

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Наиль Нұров