Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған сауда орталығы мұражайға айналады

Шетелдік инвестор мен Алматы әкімдігі «Алмалы» сауда орталығының базасында балалар мұражайын ашады.

Алмалы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Балаларға арналған ғылым мұражайының құрылысы 2025 жылы басталады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12,2 миллиард теңге бөлінеді.

— Мемлекет басшысының қолдауын ескере отырып, 2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы «Алмалы» сауда орталығының базасында Science Museum Singapore-мен бірлесіп, балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым музейін құру жұмыстары басталады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12,2 млрд.теңге бөлу жоспарланған, — деді Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Алмалы» сауда орталығы «Қаңтар» оқиғасы кезінде қиратылып, жұмысын тоқтатқан. Ал 2023 жылдың қазан айында нысан Қайрат Боранбаевтан мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар