2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматыда оқушы қыздар қатарласын соққыға жыққан (видео)

Оқиға 8 наурызда Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған. 

Алмады
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан бір қызды сегіз оқушы қыздың жабылып ұрғанын көруге болады.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бейнежазбадағы барлық жасөспірім анықталып, полицияға жеткізілген.

«Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне тергеу арқылы құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады. Жасөспірімдер оқитын жалпы білім беру ұйымдарының әкімшілігіне қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жіберілді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы мектептің ішкі есебіне алынды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар оқушылардың ата-аналары балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Алматы полициясы қылмыстық іс бойынша әрбір құқықбұзушыға қатысты материалдар Бостандық ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев