USD
USD
USD

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ өкілдері ұсталды

Ішкі істер министрлігі криминалитеттің бизнеске қысым көрсету фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ресми емес жұмыскерлері қылмыстық ортаның өкілдері болған күзет ұйымының құқыққа қарсы қызметін жойды.

Олар қақтығыс жағдайлар мен арандатулар жасау арқылы объектілерді басып алумен айналысқан. Кейіннен олардың «қауіпсіздігін» қамтамасыз еткен. Мысалы, өткен жылдың 23 қарашасында фигуранттар криминалдық қамқорлық жасау және ықпал ету саласын кеңейту мақсатында караоке-барға басып кіріп, онда мекеменің иесі мен күзетшілерін ұрып-соққан.

– Полицияға 10 күдікті жеткізіліп, олардың 6-уы қамауға алынды. 20-дан астам іздеу іс-шаралары жүргізіліп, атыс және суық қару тәркіленді. Бұзақылық пен өз бетінше билік етудің бірнеше фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар