USD
USD
USD

Алматыда қасақана жол ережесін бұзған бір топ жүргізуші ұсталды

Алматы қаласында түнгі уақытта бір топ жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Олар түсірген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілер әрекетінен анықталған құқықбұзушылықтар қатарында — бұрылыс белгісін жақпай жолақ ауыстыру, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, өзге жүргізушілерге құрметсіздік танытып, қарапайым әдеп нормаларын елемеу және қауіпсіздік шараларын қасақана бұзу бар.

— Барлық қатысы бар жүргізушілер мен жолаушылар анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Автокөліктер айыппұл тұрағыеа қойылды. Бұзушыларға қатысты құқықтық іс-шаралар жүргізіліп, әрқайсысына іс жағдайына сәйкес нақты әкімшілік құқықбұзушылықтар тағылды, — деп хабарлады департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар