USD
USD
USD

Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімдер ұсталып, полицияға жеткізілді

Алматыда полиция 20-дан астам клуб пен барды тексерді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел жағдайды тұрақтандыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мақсатында Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарында жергілікті іс-шара жүргізілді.

– Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, қараусыз қалған және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде болуын, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересектерді анықтау, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, түнде 31 жастар жиналатын орын, 20 мейрамхана, дәмхана, бар, түнгі клуб, сондай-ақ 6 компьютерлік клуб тексерілді. Нәтижесінде кәмелетке толмаған 29 жасөспірім ұсталып, полицияға жеткізілді, оның 5-і түнгі демалысын ойын залдарында өткізген.

Жасөспірімдердің ата-аналарына «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша шаралар қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама