Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда қалың қар жауады

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурыз таңғы сағат 4.00-ге дейін Алматыда 8-10 сантиметрге дейін қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін. 

Қар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. "Қала бойынша коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 техника, 18 мотопомпалар және 1012 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 89 арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр. Қардың түсуіне, жолдың нашар көрінуі және жолдардағы көктайғақ құбылыстарына байланысты автокөлік жүргізушілерінен жылдамдықты азайтуды, тежеуге бірден жүгінбеуді, қашықтықты, аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүру кезінде абай болулары тиіс, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өту керек", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел